8 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды. Сонымен бірге біліктілік арттыру курстары Теректі, Жәнібек және Жаңақала аудандарында жалғасуда.
Курстарға Педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының тренерлері жетекшілік етуде.
Біліктілік арттыру курстарында:
• Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері
• Мектепалды даярлық топтарының/сыныптарының педагогтері
• Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, бейнелеу өнері педагогтері
• Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері
• Музыка пәні мұғалімдері
• Орта білім беру ұйымдарының бейнелеу өнері, көркем еңбек пән мұғалімдері
• Математика пәні мұғалімдері
• Бастауыш сынып мұғалімдері (2)
• География пәні мұғалімдері
• Тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (2)
• Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері
Курстар барысында педагогтер біліктілік арттыру курстарынан білімдерін жетілдіріп, кәсіби біліктері мен дағдыларын шыңдайды. Оралдағы «Өрлеуді» таңдаған әрбір педагогке сәттілік тілейміз!




