Орал “Өрлеуде” пәндік курстар жалғасуда

27 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында мемлекеттік тапсырысты іске асыру аясында 80 сағаттық  біліктілікті арттыру курстары өтуде. Химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» тақырыбындағы курсқа  Гүлмаржан Өтеғұл жетекшілік етуде.

Курс аясында тыңдаушылар бағдарламаға сәйкес химия пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметіне қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, негізгі басымдықтарын бөліп көрсету, педагог қызметін құқықтық нормаға сай ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

Курс барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырмалар беріліп, тыңдаушлар өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз.  «Өрлеумен» бірге болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар