2024 жылдың 2-12 қыркүйек аралығында “Өрлеу”- Қарағанды филиалында педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының меңгерушісі Ибрагимова Гульнара Каиржановнаның жетекшілігімен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курс «Мектепке дейінгі ұйымдағы пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ұйымдастыру» атты бекітілген білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуда.
✔Бағдарлама шеңберінде тыңдаушылар дамушы ортаны құрудың заманауи әдістемелерімен және тәсілдерімен танысады. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын зерделейді, сондай-ақ пәндік-кеңістіктік ортаны бағалау және жақсарту әдістерін меңгереді.
Бағдарлама тәрбиешілердің кәсіби дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және практикалық іс-шараларға жаңа білімді енгізуге көмектеседі, бұл балалардың тиімді оқуы мен жан-жақты дамуына ықпал етеді.



