Ордабасыда облыс деңгейінде тәжірибелік семинар өтті

Ордабасы ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия базасында облыс педагогтеріне курстан кейінгі сүйемелдеу жасау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығымен» бірлескен «Мұғалімнің кәсіби әрекетінің тұтастығы: аудиториялық, аудиториядан тыс ізденіс жұмыстарының өзара байланысы» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. Курстан кейінгі кезеңде педагогтердің тәжірибелерін одан әрі дамытуға бағытталған іс – шарада оқу сауаттылығы мен жаратылыстану-математикалық пәндерін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, сабақтағы іс әрекетті зерттеудегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, филиал тренерлері өңірдегі білім беру ұйымдарының педагогтері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар