Ортақ мақсат, ортақ нәтиже!

Күнтізбелік жыл соңы – атқарылған жұмысқа есеп беретін сәт. Ауыл мектебі қазақ ұлт мектебінің негізін құрайды. Ұстаз – ұлы тұлға… Кез келгеннің қолынан келе бермейтін, кез келгеннің таңдауына ере бермейтін, сондай қиындығы мен қызығы қатар жүретін ерекше мамандық. Таңдай салып, келе қалатын, көре салып, істей салатын мамандық емес. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Ал үйрету – артыңда із қалдыру деген сөз ғой. Сен кетсең де, жасағаның жұрттың жадында қалады емес пе?! Менің таңдауым осы… – бұл менің және әріптестерімнің пікірі.

Шалғай ауылда орналасқан менің мектебім – табысты мектеп. Табысты мектебімнің табыс баспалдағына шығу жолында мектептің педагог ұжымының жұмысы орасан зор. 2018 жылы біздің мектеп ең жоғарғы көрсеткішке ие болып, облыста «Eң үздік шағын жинақталған мектеп» тақырыбындағы 1000000 миллион сертификатын жеңіп алдық. Бұл жеңіс біз үшін үлкен жетістік болды. Мектеп әкімшілігімен, ұжымның ауызбіршілікпен атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2019 жылы Республикалық «Білім ордам – 2019» тележурнал байқауының жеңімпазы атанып, 250000 теңге иелендік. 2020 жылы Тамыз конференциясы қарсаңында республикалық Қазақстан – Тараз телеарнасынан мектеп ұстаздарының жеткен жетістіктері туралы Ғибрат бағдарламасы арқылы жарты сағаттық телебағдарлама көрсетілді. Тағы бір конкурстан 80 000 теңге сертификат, компьютер ұтып алдық, бұл ақшаларға видеокамера, фотоаппарат, түрлі-түсті принтерлер, жылдамдығы тез ноутбуктер алып, ұстаздардың ақпараттық жүйеде жақсы жұмыс істеуіне қол жетімді болды.

Мектеп мұғалімдері «Жамбыл – Өрлеу» филиалында біліктілік арттырумен қатар, үздіксіз кәсіби дамуға мүмкіндік алды. Мектептің білім сапасы мұғалімге байланысты, ал ауылдық мектеп мұғалімі кәсіби дамыған сайын оқытуы жақсарады, осы бағытта мектеп мұғалімдері сабақты зерттеу әрекетімен айналысып, мектеп қабырғасында өз оқытуларын жақсарту жолдарын қарастыруда. Сол жұмысымыздың басы-қасында болып, нәтижесі бағаланған «Шағын жинақты мектеп жағдайына Lesson study-ді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференциясын, «Ауыл мектебі: бүгіні, мәселелері және болашағы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелді атап өтуге болады. Бұл іс-шаралардың артықшылығы – қалаға келіп, өз тәжірибемізбен бөлісіп, оң бағытымызды бағамдауға мүмкіндік алдық. Соңғы үш жылда мектеп ұстаздары курстан кейінгі қолдау аясында кәсіби дамуға бағытталды, бұл оқушыларымыздың да білім сапасына ықпал етті. «Өрлеу» Кәсіби даму институты педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматындағы «Ұстаз» платформасына тіркелуде, білім сапасын бағалаудың отандық және халықаралық жобаларға қатысуда педагогтерді тікелей әдістемелік қолдауда.

70 жылдан астам тарихы бар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметі біліктілікті арттыру жүйесінде ғана емес, жалпы отандық білім беру кеңстігіндегі жаңа міндеттерге негізделген. Әріптестік қолдауды үздіксіз жүргізудегі мақсатымыз – ортақ мүддеміз!

Дариға Ыдырысова, Жамбыл облысы Сарысу ауданы

Өндіріс ауылы, Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің директоры

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар