Оралдағы «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Динара Жумагалиева Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №8 мектебінде педагогтердің сабақтарына қатысып қайтты.
Тәжірибелі тренер әр мұғалімнің өзіндік әдіс-тәсілдері мен оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған сабақтарды бақылап, білім беру әдіскері Жазира Кукеновамен бірге мұғалімдерге екі жақты сындарлы кері байланыс ұсынды.
Бөрлі ауданы Қанай МББК жас мұғалімдерінің өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шығармашылықпен жұмыс істегені атап өтілді. Жас мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған сабақтары жоғары бағаланды.
Әсіресе биология пәнінің мұғалімі Ғизат Құсайновтың жаңа технологияларды қолданудағы шеберлігі атап өтілді.
Жас мамандарға орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Вероника Филипованың сабақтарына қатысып, оқыту әдістемесін үйренуге кеңес берілді.
Бұл тәжірибе педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.


