Осы аптада «Өрлеу»-Павлодар базасында орта білім беру педагогтері үшін «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я2» (оқытушысы А. Ахметниязова), «Жаһандық құзыреттіліктер» (оқытушысы Б.Каримова), «Реализация ценностно-ориентированного подхода в начальной школе» (оқытушысы А. Идилуп), «Оқытуы қазақ тілінде емес мектептердегі «Қaзaқ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтеріне aрналған біліктілік арттыру курсының «Қaзaқ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дaмыту» (оқытушысы Ө. Ертісхан), «Математиканы оқыту: қазіргі тендендиялар мен әдістемелер» (оқытушысы А. Сураганов), «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» (оқытушысы А. Мухаметалина), «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері» (оқытушысы Д. Мырзабекова ) оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды. Бүгінгі таңда институт қабырғасында 175 орта білім беру ұйымдарының және 50 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері білімін шыңдау барысында.








Филиалда бүгінгі күнге дейін аймағымыздың 300-ден астам мұғалімі институт табалдырығынан аттап, өз құзыреттіліктерін арттырып, сертификатқа ие болды.
Тыңдаушының білім деңгейі мен оның өсу көрсеткішін білу үшін ұстаздар курстың басы мен аяғында LMS платформасында тест тапсырады. Бұл әрбір курс қатысушысы үшін өз білімін қай бағытта дамыту қажеттілігін көру үшін ыңғайлы. Сонымен қатар, біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдер алдағы бір жыл бойы филиал оқытушыларынан курстан кейінгі қолдауға ие болып, алған білімдерінің негізінде өз білім ордаларында оны қалай қолданғаны жайлы семинар, вебинар, шеберлік сыныптары барысында тәжірибемен бөлісіп отырады.