Орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курс басталды

14 тамызда «Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған пәндік құзыреттілікті дамыту мақсатында «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында курс басталды.

Курс ағылшын тілі пәнін оқытудың заманауи технологиялары мен эмоциялық зиятты дамыту стратегиялары негізінде мұғалімдердің ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың «4К» дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Біліктілік арттыру курсының тренері институттың «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жанбота Айтжанова.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар