«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Толқынай Алиакбаровна орта білім беру ұйымдарының орынбасарларына арналған «Білім беру ұйымдарындағы басқару қызметінің маңыздылығы» тақырыбында қалалық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы басқару қызметінің тиімділігін арттыру арқылы білім сапасын жақсарту, педагогикалық процесті оңтайландыру және білім алушылардың дамуына қолайлы жағдай жасау, басқару қызметінің маңыздылығын түсінуге және оны тиімді жүзеге асыруға көмек беретін тәжірибемен бөлісу.
Аталмыш вебинарға алпыстан аса әкімшілік қызметкерлері қатысып, білім ордасын басқару бойынша ортаға салынған тақырыптарды талқылады.





