Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Астана – Өрлеу филиалы Томcк қ. «Ашық жастар университетімен» бірлесіп, орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қазіргі және болашақ мамандықтар әлемінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Трекнавигатор» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – жасөспірімдермен жұмыс істейтін педагогтар мен мамандарды ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде осы бағдарламаны білім беру мекемесіне табысты кіріктіру үшін «Трекнавигатор: қазіргі және болашақ мамандықтары» кәсіптік бағдарлау бағдарламасын іске асырудың негізгі қағидаттары мен әдістеріне оқыту.
