Орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыру мәселелері

2022 жылдың 11 және 22 сәуір айы аралығында  Өрлеу ББЖҚБАРИ базасында мектеп директорларына арналған «Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында курс өтіп жатыр.

Курс жетекшісі «Инновациялық білім беру және ақпаратттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Комекова С.О.

Курс мақсаты жан басына қаржыландыруға өту жағдайында инновациялық менеджментте білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және қаржылық құзыреттерін жетілдіру болып табылады. Курста мектеп директорлары теориялық-мазмұндық сипатта мектептерде жан басына қаржыландыруға өту жүйесін, негізгі үрдістері мен заңнамалық негіздерін зерделеді. Қаржыландырудың бұл механизмі – қаржыландыру көлемі, ең алдымен, оқушылардың санына байланысты екені, бөлінетін қаражаттың мөлшері әрбір оқушыны тиісті сападағы біліммен қамтамасыз ету үшін оқу орнының қажеттіліктеріне сәйкес келу маңыздылығын ашты.

Мектеп басшылары өзара тәжірибе алмасу барысында жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы мектептердегі ресурстарды тиімді игерудің оң жақтары мен тиімсіз тұстарын, жан басына қаржыландыру саясатын сауатты басқару, бөлу, пайдалану және менеджмент бойынша пайдалану тиімділігін талдады.

Мектеп басшылары  жан басына қаржыландыруда құқықтық реттеудің белсенді және инновациялық әдістерін тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын нақтылап, теориялық-әдістемелік білімдерін толықтырды, тәжірибелік тұрғыдан негіздеді.

(11) Пікірлер

  • Баймолдина Жадыра 22.04.2022 @ 05:20

    Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған курс өзінің мақсатына сай, жүйелі өткізіліп жатқан сапалы курс. Басшылардың кәсіби құзыреттіліктерін қайта жаңғырту арқылы, қаржылық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Жан басына шаққанда қаржыландыруды іске асыруда әр білім беру мекемелерінде туындаған сұрақтар мен тәжірибелермен бөлісу үшін мүмкіндіктер алаңы ретінде жұмыстар жүргізілуде. Жан басына шаққанда қаржыландыруды құқықтық нормативтік негізде талдаулар, саралау арқылы қаржылық сауттылыққа, қаржыны тиімді пайдалану және сауатты жоспарлау жолдарының қарастырылуы курстың негізгі фокусы. “Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы, топ жетекшісі Көмекова Сандуғаш Оралхановна тарапынан курсты жүргізуде іріктеп алынған форматтар мен технологиялар өз нәтижесін беруде.
    Курс жетекшісіне шығармашылық шалқар шабыт тілейміз. Алдағы уақытта жобалар мен зерттеулерде бірлесе жұмыс жасаймыз деген ұсыныстарымыз өз өнімін береді деген ойдамын.
    Қарағанды қаласы, #104 мектеп- гимназиясы директоры Баймолдина Жадыра Сабырқызы

  • Куралай Акназаровна Нургалиева 22.04.2022 @ 05:26

    Сандуғаш Оралхановна тренерімізге алғысым шексіз. Білікті, білімді креативті маман есебінде Сізді таныдым. Өз мамандыңызды сүйетініңіз, үнемі өсу, талдау, жетілу үстінде екеніңізді көрдім. Салмақты да сабырлы ұстанымыңыз үшін, жұмыс жасауға қолайлы орта, жағдай жасағаныңыз үшін, шынайы эмоцияңыз бен іскерлігіңіз үшін Сізге рахмет айтып, үлкен сәтті

  • Ержан 22.04.2022 @ 05:49

    Курс барысында көптеген мағлұмат алдым. Жан басына қаржыландыру бойынша ақпарат құнды болды. Алған білімді жұмыс барысында қолданатын боламын. Ақпараттық технологияларды меңгере отырып, мүмкіншіліктері кең екенін білдім. Осы орайда Сандуғаш Оралханқызына алғысымды білдіремін!

  • Нурлан 22.04.2022 @ 07:34

    Курс бағдарламасы дұрыс жасақталған. Тренер Сандуғаш Оралханқызының сабақтары қызықты әрі тың жаңалықтарға толы болды. Топтағы әріптестер керемет жұмыс жасады! Рахмет саған Өрлеу!
    Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол ЖББОМ директоры Н.Б.Медеуов

  • Сара 22.04.2022 @ 07:59

    Мазмұнды, мағыналы курс болды

  • Куляш 22.04.2022 @ 08:40

    Курс уйымдастырушыларга рахмет.Озекти мәселелері туралы пикир алмастык

  • Бахтыбаева Кенжегул Жарасовна 22.04.2022 @ 10:36

    Бахтыбаева Кенжегул Жарасовна, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ОМ директорымын. Аталған курс қатысушысы, тыңдаушысымын. Курс жетекшіміз Сандуғаш Оралхановна өз ісінің майталманы, шебер ұйымдастырушы, көшбасшы ұстаз, білікті маман иесі. Курсқа еліміздің әр түкпірінен білікті мектеп басшылары жиналдық. Жетекшіміз Сандуғаш Оралхановнаның тиімді, ұтымды ұйымдастырған әр сабағын топ болып жұмыстанып, қажетті ақпаратты талдап, саралап, мәліметтерді бір-бірімізге жеткізе білдік. Тақырыпты керемет меңгеріп шықтым.
    Өзімнің қоржыныма қажетті ақпаратты, тиімді әдіс-тәсілдерін жинақтап алдым.

  • Жанхазы 22.04.2022 @ 10:41

    Курс ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Жақсы мағлұмат алдық

  • Саламат Избастина 22.04.2022 @ 10:48

    Жан басына қаржыландыру тақырыбындағы курс мазмұнды, тақырыптарды игеруге арналған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Сандуғаш Оралхановнаға үлкен алғыс білдіремін. Избастина Саламат. Павлодар обл, Екібастұз қаласы, #25 қазақ қыздар гимназиясы.

  • Жумагалиева Салтанат 22.04.2022 @ 11:06

    Курс барысында Жан басына қаржыландыруға өту жүйесімен,негізгі үдерістерімен,заңнама негіздерімен таныстық.Қаржыландыру саясатын сауатты басқару,менеджмент бойынша пайдалану мүмкіндігінің тиімділіктері туралы терең білім алып,өз тәжіриебемізге жаңа идеялар жинақтадық.Курс жетекшісі Сандуғаш Оралханқызына алғысымыз шексіз.

  • Жумагалиева Салтанат 22.04.2022 @ 11:17

    Курс барысында жан басына шаққандағы қаржыға өту жүйесін,негізгі үрдістерімен,заңнама негіздерімен таныстық.Қаржылық саясатты сауатты басқару,менеджмент бойынша пайдалану мүмкіндігінің тиімділігі туралы терең білім алып,өз тәжірибемізге жаңа идеялар жинақтадық.Курс жетекшісі Сандуғаш Оралханқызына алғысымыз шексіз.

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар