“Отты жылдар жаңғырығы- мәңгі есте” атты кітап көрмесі өтті

Отан үшін отқа түсіп, қан майданда қаһармандық пен қайтпас қайсарлықтың шынайы үлгісін көрсеткен батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Бүгінгі “Ақтөбе-Өрлеуде” кітапхана қызметкері Нургуль Ермекованың ұйымдастыруымен “Отты жылдар жаңғырығы- мәңгі есте” атты кітап көрмесі өтті.

9 мамыр Жеңіс күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым ету мақсатында өткізілген іс-шараға институт қызметкерлері, курс тыңдаушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету болды.

Кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдеби кітаптарға кең көлемде шолу жасалды.

Сонымен қатар, қатысушылар соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен ата-әжелері туралы естеліктерді баяндады. Іс-шара соңы патриоттық әндерге жалғасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар