«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы мен Отырар аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің арасындағы ынтымақтастық Келісімшарты негізінде құрылған жұмыс жоспарына сәйкес педагогтердің қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу мақсатында 2022 жылдың 15 желтоқсанда «Педагогтің кәсіби құзіреттілігі-білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстан келген педагогтер семинарға QR-код арқылы тіркелді. Семинардың мақсаты: Педагог қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу;Біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді қорытынды мониторингілеу және талдау;Оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиал директорының орынбасары, т.ғ.к. Ахтаев Мухтар Бексултанұлы семинарға қатысушыларды «Тәуелсіздік күнімен» құттықтап, баяндамашылар мен ашық сабақ өтетін педагогтерге сәттілік тіледі.
Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ембай Дархан Полатханұлы «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» тақырыбындағы баяндамасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалынан пән бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен аудандағы педагогтердің кәсіби қызметтеріндегі өзгерістерге рефлексия жасап, пән мұғалімдерінің оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлап жатқандығына тоқталды.
Ашық сабақ барысында педагогтер қашықтықтан білім беруде Quizizz платформасын пайдалану мүмкіндіктері мен оқушыларға тапсырмаларды орындатуда Kahootтың, QR-код арқылы кері байланыс берудің тиімділігімен бөлісті. Мектеп директоры Ләззат Ділдабай Ермаханқызы облыстық семинарға келеген ұстаздар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалымен тығыз жұмыс жасайтындығын айтып өтті.
М.Б.Ахтаев біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын практикада табысты қолданған әріптестерге алғыс білдірді.
Семинар жұмысының қорытынды бөлімінде облыстық семинарда терең теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін баяндамашылар мен ашық сабақ жүргізген педагогтер марапатталды. «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының әдіскері Кабылбаева Роза Пайзуллаевна