Оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

2023 жылдың 15 қарашасында Алматы облысы Талғар ауданының №13 орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Айгуль Байузакованың ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін  қиындықтар мен кедергілерді анықтау және жою жолдарын жинақтау болып табылды.

Іс-шараға аталған мектептің 22 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың оқу машықтарын жетілдіру үшін тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, тәжірибеде  қолдануды  үйренді. Соңында ұстаздар бір бірінің жұмысына кері байланыс беріп, өздерінің ойларымен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар