Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Виктория Кайдакова қатысты №113 мектеп-гимназиясында өткен «Оқушылардың метакогнитивтік дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамыту үшін заманауи білім беру технологияларын пайдалану» атты қалалық семинарына
Семинардың мақсаты білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату болды.
Бұған дейін бастауыш мектептің педагогикалық ұжымы Өрлеу Алматымен бірге математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығынан тапсырмалар жинағын шығарған болатын. Жасанды интеллектті пайдалана отырып, заманауи технологиялармен кейстермен, квесттермен метакогнитивтік дағдыларды дамытуды қарастыру болды.
Семинар жұмысын Әуезов АББ басшысы Гүлнара Рахымқызы Саттарова ашты. Семинар жұмысына Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдері мен директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
«Функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды шешу» практикалық бөлімінде семинар тыңдаушыларының қатысуымен квест-ойын өткізілді. Қатысушылар логикалық есептерді шешіп, функционалдық сауаттылық бойынша: математикалық, оқырмандық, жаратылыстану-ғылыми, қаржылық тапсырмаларды тауып оларды орындады: Модераторлардың бірі Виктория Кайдакова болды.




