Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары

2023 жылдың 7 ақпан күні «Өрлеу»-Ақтөбе филиалының Ақтөбе облысының білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шарада мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Щ.Еспаганбетова педагогтер қызметіне мониторинг жүргізу кезінде педагогтердің алған құзыреттерін қолдану нәтижелеріне тоқталса, біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.С.Байтенова, К.Т.Қади, Ш.С.Айнабекова, Д.Т. Азбергенова, А.Ибрахимқызы, Л.О.Кенесова, М.А.Шандина курс кезінде игерген теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында оқытудың инновациялық әдістерін, АКТ-ны тиімді қолдану дағдыларын шебер көрсете білді. Сондай-ақ семинар-практикум аясында педагогтер оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шебер-сынып, коучинг өткізді. Мектеп психологтері К.Б.Еспагамбетова, Г.С.Омаралиева тренинг жүргізіп, іс-шараға қатысушылар кері байланыс жасап, тақырыптың өзектілігі туралы алған әсерлерімен бөлісті.Кафедраның бас әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі М.Т.Адилханова іс-шараны қорытындылай келе, курстан кейінгі əдістемелік қолдау мұғалімдердің үздіксіз кəсіби даму компоненті екендігін атап өтті. Барлық қатысушыларға және Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар