2022 жылдың 20 қазанда «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес Түлкібас ауданы, «Жанкент» жалпы орта мектебінің базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы бастауыш сыныптардағы математика пәнінің маңызы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларның оқу сауаттылығын дамыту және математика пәні арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Іс – шараға Түркістан облысы және Шымкент қаласына қарасты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 80 – педагогтер қамтылды. Семинар барысында мұғалімдер жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дағдысына қажетті негізгі құралдардың бірі болып жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру. Әдіс-тәсілдерді оқу процесіне тиімді енгізу арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығы мен білім сапасын арттыру бойынша бастауыш сынып педагогтары-ның кәсіби құзыреттілігін дамыту. Оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету және дамыту құралдарына бағытталған тәжірибелік сабақтар ұсынылды.Г.Б.Ильясова «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқыды. Түлкібас ауданы, «Жанкент» жалпы орта мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Розыбаева Лиза Имановна «Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда АКТ-ның сандық сервистерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс жасап, курстан кейінгі барысында осындай іс шаралардың мағызы жоғары екенін, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін арттыруға, үлкен көмек болғаның айтып алғыстарын білдірді. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Ильясова Гульзира Бахытбековна









