Педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында Ақтөбе қаласы №28 орта мектебінде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – сапалы білім кепілі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинарда мектеп директоры Баймагамбетова Айгуль, «Өрлеу»-Ақтөбе бас әдіскері, магистр Адилханова Марал мұғалім тəжірибесі дамуының үздіксіздігін қамтамасыз ететін курстан кейінгі əдістемелік қолдау жөнінде ашық диалог алаңын жүргізді.Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ең тиімді әдіс-тәсілдері, оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс және тапсырмалар құру мәселелері айтылды. Аталған мектептің педагогтері- Темірғалиева Айгүл, Маратова Жұлдыз, Мурзабекова Фарида, Сеитова Айгуль, Журмаганбетова Актоты, Қорғанбаева Гүлнұр сабақтарында оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетін әдіс-тәсілдерімен бөлісті.Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.


