29 қаңтар күні «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп базасында “Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістерін қолдану” тақырыбында облыстық семинар жұмысы өтті.
«Өрлеу-Атырау» филиалы ұйымдастыруымен өткен семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқытудағы инновациялық тәжірибемен бөлісу және тәжірибелік мәселелерді талқылау алаңын құру болды.
👩🏻🏫Семинарға бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру педагогтері қатысты. Шара аясында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары және кәсіби талқылаулар ұйымдастырылды.

Ашық сабақтар түрлі пәндерден оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталды. Пән мұғалімдері өз тәжірибелерін көрсетіп, инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігін дәлелдеді. Семинар аясында бірқатар шеберлік сағаттары атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану және математика пәндерінен зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары, оқу үдерісіндегі функционалдық сауаттылықты жетілдіру әдістері, мұғалімнің шығармашылық қызметі мен ұлттық мәдениеттің маңыздылығы секілді өзекті тақырыптар талқыланды.
📜Семинардың қорытынды бөлімінде институт директоры Роза Қабышқызы қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.
📚Бұл семинарға бірқатар мақсатты мектептердің 50-ге жуық педагогтері қатысып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жаңа білімдер мен әдістерді меңгеріп, сондай-ақ, өзара тәжірибе алмасты. Қатысушы педагогтер кері байланыс барысында базалық курстан алған тәжірибелерінің жұмыс процесінде жақсы ықпал еткендігін қуанышпен жеткізді.
