Институт жоспарына сай 2021 жылдың 2 қараша күні «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ж.О.Жубаеваның ұйымдастыруымен «Оқытуды жақсартуда саралау тапсырмаларының маңыздылығы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында пән мұғалімдері білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру, бастауыш сынып мұғалімдерінің оқытудағы саралау тапсырмаларын қолдануға бағытталған шығармашылық ізденістерімен бөлісіп, өзіндік шеберліктерін көрсете білді.
Облыстық дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы бойынша пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжрибелерін ортаға салды. Облыстық дөңгелек үстел саралап оқытудың білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құрудың маңыздылығын көрсетті.