Оқушының зерттеу дағдысын дамыту

           27 желтоқсан күні аймақ педагогтерінің сұранысы бойынша «Өрлеу-Жамбыл» филиалының Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинардың мақсаты – гуманитарлық пәндерде білім алушылардың зерттеу-жобалау іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру әдістемесін талдау, тәжірибе алмасу. Онлайн форматта өткен семинарға облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысты, оның ішінде ШЖМ педагогтері де қамтылды. Семинар «Тақырыптың өзектілігін анықтайық ..» деген миға шабуылдан басталды. Қатысушылар тақырыптың өзектілігін анықтау кезінде көптеген мәселелерлі талдауға белсенді қатысты және мұғалімдердің тәжірибесіндегі кедергілер анықталды. Жалпы семинар барысында мұғалімдерге ғылыми-зерттеу жұмысының: ғылыми тұжырымдарды жинау, оларды салыстыру, сараптау, эксперимент жасау, материал жинау арқылы  қол жеткен білімді кеңейту, көз жеткізу,  жаңа білім алу, өзіне күмәнді мәселені ғылыми тұрғыдан тексеру, ғылыми жаңалық ашу сияқты қарапайым анықтамалары ұсынылды. Мектеп жағдайында ғылыми жобалау әрекетіне  жетекшілік ету және ұйымдастырудың тиімді әрі дәстүрлі, дәстүрлі емес жолдары айтылды. Мұғалімдердің жүйелі жұмысы үшін зерттеушілік әрекеттің құрылымы мен мазмұнына қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарының  4 тобына егжей-тегжейлі тоқталып өтті, олар: ақпараттық-реферативтік жұмыстар (реферат); эксперименттік жұмыстар (мұражайға, тарихи өлкелерге экскурсия, т.б, сауалнама, статистикалық зерттеулер); ғылыми-шығармашылық жұмыстар (конференция, олимпиада, ғылыми жоба); танымдық-сипаттамалы жұмыстар (эссе, шығарма). Семинар соңында сындарлы кері байланыстар жүрді.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар