Оқу жылының қорытындысы – табысты аяқталған тағы бір белес!

Бүгін Жамбыл облысындағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі — “125 International School of Taraz” мектебінде өткен оқу жылының аяқталу салтанатына «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры Қожамжарова Л.С. арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды жетістіктерімен құттықтады.
Өз сөзінде, бұл мектеп – әр оқушы мен ұстаз үшін қолайлы орта қалыптастыру жүйесін және Сингапурлық оқыту моделін табысты үйлестіріп отырған, өңірдегі бірегей білім беру мекемесі екенін ерекше атап өтті.
Салтанатты жиында бастауыш сынып түлектері жаңа белеске аяқ басып, мектеп өміріндегі маңызды кезеңмен қоштасты. Мұндай тың тәсілдер мен жаңашыл бастамалар – еліміздің білім беру саласындағы серпінді өзгерістердің айғағы.
Біз мұғалімдер мен мектеп ұжымының қажырлы еңбегіне алғыс білдіре отырып, табысты жалғасын тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар