Оқу жылы сәтті аяқталды!

Oқу жылдың аяқталуына байланысты ұжыммен кездесу өткізілді. Жиын барысында институт директоры Меруерт Аскарбекқызы барлық тренерлерге ризашылығын білдірді.

Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби даму жолын қолдау мен бағыттаудың маңызы зор. Осы орайда, 2025 жылдың маусым айында Қызылорда облысында өткен химия және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстары педагогикалық тәжірибе мен заманауи оқыту әдістерін тиімді ұштастыру алаңына айналды.

Аталған курстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, тыңдаушылар тарапынан оң бағасын алған білікті тренерлер – Тугелбаева Эльмира Базарбайқызы мен Избасарова Гульмира Булатовна. Олар оқыту мен оқу үдерісіндегі интерактивті әдістерді тиімді қолданып, мұғалімдердің кәсіби дағдысын дамытумен қатар, оларды шығармашылыққа баулыды.

Тыңдаушыларға ұсынылған тәжірибелік тапсырмалар, пәнді өмірмен байланыстыруға негізделген контекстік тәсілдер мен бағалаудың заманауи түрлері – курс мазмұнының өзегіне айналды.

Түгелбаева Э.Б. мен Избасарова Г.Б.-ға біліктілік арттыру курсында жоғары кәсіби деңгейде дәріс оқып, әдістемелік қолдау көрсеткені үшін “Өрлеу” БАҰО АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Қ. Абдраманованың атынан алғыс хатты институт директоры Меруерт Аскарбекқызы табыстады.

Ұстаздар ұстазы атанған тренерлердің бұл еңбегі – еліміздегі сапалы білім беруге қосылған маңызды үлес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар