Сабақтың басты міндеті – оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. 2023 жылдың ақпан айының 07 жұлдызында Шымкент қаласы, №81 Т.Тәжібаев атындағы жом базасында «Оқу мақсаттары аясында мұғалімнің практикалық іс – әрекетінде саралау тапсырмаларын қолдану» тақырыбында ашық алаң өткізілді. Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және әдістемелік көмек беру. Іс-шара барысында мұғалімдер оқу мақсаттарын практикалық іс – әрекетінде саралау тапсырмаларын қолдану арқылы саралаудың түрлерін ажырата алды. Нәтижесінде педагогтер белсенді оқу жаттығуларының көмегімен оқушының қаншалықты өздігінен білім меңгергені, танып білгені және еп-дағдылары қалыптасқанын көре отырып, саралау тапсырмаларында қандай қателер бар және оларды қалай түзету керек екенін білді.
