Оқу нәтижелерін бағалау құралдары: заманауи модельдер мен технологиялар

4 ақпаннан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары құрамына арналған «Оқу нәтижелерін бағалау құралдары: заманауи модельдер мен технологиялар» біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курс университеттің профессор-оқытушылар құрамына заманауи білім беру саласына қатысты инновациялық идеялар, тиімді оқу мен оқыту әдістемесі, критериалды бағалау жүйесі, метакогнитивті дағдылар, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау тәсілдері жайлы жан-жақты ақпараттар беру, педагогикалық қызметіне қажетті кәсіби құзіреттіліктер мен дағдылар жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Филиалдың аға оқытушысы Мәрсәлі Раушан Өмірбекқызы критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері, бағалау түрлері бойынша мазмұнды дәріс өткізіп, критериалды бағалау жүйесін оқу мен оқыту тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталды.

Курс барысында оқытушылар:
– тиімді оқу мен оқытудың шарттары мен әдіс-тәсілдерін талдайды;
– білім алушыларды жоспарлау қағидаттары мен әдістемесін, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын модельдеп үйренеді;
– қолжетімділікке сәйкес оқытудың қажеттіліктерін, оқу стильдерін, саралап оқыту және инклюзивті білім беру әдістемесін талдайды;
– критериалды бағалау жүйесінің концептуалдық негіздерін талдайды және оларды оқу мен оқыту тәжірибесінде қолданады;
– педагогтердің тиімді метакогнитивті дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіреді;
– оқыту сапасын арттыруға негізделген тәсілдердің маңызын түсінеді және талдау жасайды, қорытынды шығарады.

Айта кетейік, біліктілікті арттыру курсы «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы екіжақты келісімшарт негізінде жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар