2023 жылдың 20 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Қарабалаева Назерке Алматы қаласы №180 жалпы білім беру мектебінде мектеп басшысы Дәулетбек Ләззат және бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған “Оқу процесіндегі тиімді әдіс-тәсілдер” тақырыбындағы коучинг пен семинарға қатысты.
1 сынып мұғалімдері Әділбай Сымбат пен Джумабекова Сымбат семинар өткізді. Семинарда оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын таныту, өзін-өзі дамыту, ойлауын елестету мен есте сақтау белсенділігі мен дағдысын дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Коучингті бастауыш сынып мұғалімдері Маржан Рысбайқызы мен Намазбаева Құндызай өткізді.
Іс-шара соңында, Институт тренері өзінің кері байланысын беріп, алғыс хатпен мектеп басшылығын марапаттады.





