21 қыркүйекте Семей қаласының №25 жалпы орта білім беретін мектебінде Абай облысының шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Оқу процесіне инновациялық технологиялары мен оқыту стратегияларын енгізу» тақырыбында облыстық семинары өтті.Семинар модераторы, «Өрлеу» ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Толқын Бексолтанова және №25 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Наширбеков Н.Ж.Мақсаты: интерактивті оқыту стратегиялары мен тактикасы негізінде шағын жинақталған мектептердің іс-әрекетін ұйымдастыру үшін сапалы білім беру ортасын құру.Семинар барысында аталмыш мектептің пән мұғалімдері Сембаева Г.С., Мукушева Н.С. «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту үрдісінде CLIL технологиясын қолдану әдістемесі», Жетимекова А.Ж., Болесова Г.Е. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер», Конырова Е.М. «Биология сабағында Smart – технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.Жолбарисова Ж.А. «Қазақ тілі сабағында ойын арқылы өзге ұлт тілді оқушыларға төл дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету», Исаева К.З. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.Іс-шара барысында өткен тәжірибелік алаң, шеберлік сыныптарға қатысушылар жоғары баға беріп, қызығушылық танытты. Семинар жұмысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.





