Х. Доспанова атындағы № 30 ЖОББМ базасында Оралдағы «Өрлеу» институтының ұйымдастыруымен «Оқу сауаттылығын дамытудағы сыни ойлау» тақырыбында семинар-практикумы өтуде. Екі күнге арналған семинарға қала мектептерінің және Бәйтерек ауданының бастауыш сынып мұғалімдері қатысуда.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) процесіне дайындық кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатындағы семинар Кәсіби даму кафедрасының аға оқытушылары Динара Жұмағалиева мен Бағдагүл Габбасованың жетекшілігімен өтуде. Семинар жұмысын аталмыш мектептің директоры Дарья Кабдуллиева алғы сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың оқу, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтарын дамытудың тиімді стратегияларын қолданып, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг бойынша қолданылатын тапсырмаларды талдап, тестілеуде кездесетін ең қарапайым және ең күрделі тапсырмалар бойынша жұмыстанады.

