Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жолында

📚«Өрлеу»-Павлодар қабырғасында «Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» атты курс өз мәресіне жетті. Курсты жергілікті филиалдың білікті аға оқытушысы А.Ж. Ахметниязова өткізді. Іс-шараға облысымыздың қазақ тілді жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп мұғалімдері қатысты.

📚Курс барысында тыңдаушылар заманауи білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілерімен, білім беру сапасын арттыру мәнмәтініндегі оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерімен, педагогтердің IT-құзыреттілігін және цифрлық сауаттылығымен таныс болып, бұл бағыттарды жетілдіру, дамыту бойынша тәжірибеге айналған сабақтарға қатысты. Соынмен қатар, мұғалімдер ШЖМ жағдайында ерекше білім беруде қажеттілігі бар білім алушылар үшін жеке білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыруды үйренді. Б. Блум таксономиясын қолдану негізінде оқыту мен оқытуды бағалау дағдыларын дамытып, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың әртүрлі стратегияларын меңгерді.

📚Әрине, жоғарыда аталғанның барлығы бұл – курс қатысушыларының үйренгендерінің тек аз ғана мөлшері. Курстан алған терең білімдері мен өзекті ақпаратты олардың барлығы өз тәжірибесінде қолданатындары сөзсіз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар