«Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты оқытушылары Сандугаш Оралханқызы, Кеніштайқызы Гүлбала, Айгуль Аманжолқызы, Назерке Әлімбайқызы, Магрипа Асқарқызының және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы” әдіскері Камчат Қыдырбайқызының қатысуымен №103 мектеп-гимназиясы базасына «Оқу үдерісінде интерактивті әдістерді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: мектеп қабырғасында білім берудегі инновациялық цифрлық сауаттылықты заман талабына сай интеграциялау және озық педагогикалық тәжірибе алаңын құру.
Семинарды №103 мектеп-гимназия директоры Умурзакова Айгуль Кумисбековна салтанатты түрде ашып берді, мектеп директорының орынбасары Умит Коктеубаевна семинар мақсаты мен бағытын, жалпы семинардың жұмыс тәртібімен таныстырды.
Семинарда Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Сандуғаш Оралханқызы «Педагогтердің ақпараттық және медиасауттылығы» және Гүлбала Кеніштақызы «РISA бойынша деңгейлік тапсырмалар құрастыру» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді. Сонымен қатар, педагогтер практикалық жұмыс барысында интерактивті оқытудың әртүрлі құралдарын саралап, сабақ мазмұнын цифрлық платформалар негізінде құруды және ақпараттың сапасын бағалауды, ақпараттың сенімділігін анықтауды, РISA бойынша деңгейлік тапсырмалар құруды үйренді.
Семинар барысында интерактивті әдістер мен цифрлық құралдарды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары қарастырылып, №103 мектеп-гимназия педагогтері пән мұғалімдерінің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған шеберлік сабақтарын өткізді.
Семинар қатысушыларына қажетті платформалармен жұмыс жасауға, заманауи білім беру әдістемелерін жинақтауға және жаңа технологиялар бойынша практикалық тәжірибе алмасуға кеңінен мүмкіндіктер берілді.











