«Оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық»

Бала өзінің ойынын жеңіл болғаны үшін емес, қиын болғаны үшін жақсы көреді. Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы. Бала ойында қалай болса, ересек өмірде де ұқсас әрекеттер байқатады. Демек, ойын – бала өмірінің маңызды ролі болып қалыптасады.

ШҚО бойынша «Өрлеу» аға оқытушысы Құсайын Динара Бурабайқызы 2023 жылдың 18 қаңтар күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы» КМҚК балабақшасына тәрбиешілерге арналған “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту“ тақырыбында өткен қалалық семинарға қатысып, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесі педагогтері арасында Үлгілік оқу бағдарламасы мен мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы өзгерістерді талдау жұмыстарын жүргізіп, курстан кейінгі қолдау мақсатында «Сиқырлы көліктер» тақырыбында балалардың түрлі дағдыларын дамытуға бағытталған ойындарды дайындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе жүзінде түрлі лайфкахтар жасауды ұсынды.

Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында балабақшамен іскерлік серіктестікте болу жайында да пікірлер айтылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар