2023 жылдың 10 қарашасында ШҚО білім басқармасының «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі» КММ базасында ББЖМ-ға қатысқан мектеп мұғалімдері үшін «Оқытудың белсенді әдістері негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
«ШҚО оқушыларының ББЖМ-ның төмен нәтижелерінің мәселелері мен себептері» тақырыбындағы талқылау алаңында 2024 жылғы ББЖМ-да оқушылардың жоғары нәтижелерін алу және даярлау сапасын арттыру үшін мектептерде қандай шараларды, бағыттар мен жолдарды қабылдау керектігін белсенді талқылап, айқындады.
Семинар соңында қатысушылар оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру бойынша жаңа әдістер мен технологияларды меңгерген осындай іс-шараларды өткізу қажеттігін атап өтті.




