2022 жылдың 5 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Тен Алира Сунтаковна білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аясында Алматы қаласының №195 жалпы білім беретін мектебінде “Оқытудың және басқарудың инновациялық және интерактивті әдістері” тақырыбында семинар өткізді.
Семинар танымдық және басқарушылық қызметтің нысаны ретінде, ең алдымен, мұғалімге, оқушыға дербестікті, бастамашылықты және оқыту мен басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін оқу жұмысының қолайлы жағдайларын жасауға бағытталған нақты мақсаттарға ие болды.
Семинарда мектеп директоры Әуелбаева Әсем Оңдасынқызы, педагогикалық команданың және оқушылар тобының жетекшілігімен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, сабақтардың үзінділері көрсетілді, бұл ретте барлық оқушылар мен басшылар ынтымақтасып, білімдерімен, идеяларымен алмасты, математика (БИС технологиясы) бойынша тапсырмаларды орындауға, Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындыққа өздерінің жеке үлестерін қосты, бастауыш мектепте геометриялық фигуралармен ертегі жазу және көркем шығарманы жасау көрсетілді.
Сондай-ақ, мектеп директорлары білім беру үдерісінде интерактивті оқыту мен басқаруда қолданылатын әдістері, мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен өзара іс – қимылы жаңа білім мен белсенді қызмет тәсілдерін алуға әкелетінін, оқушылардың танымдық және әлеуметтік тәжірибесін дамудың жаңа, жоғары деңгейіне көтеретінін, ынтымақтастық пен кооперацияны қалыптастыратынын, ең бастысы – сабақтың қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.







