2023 жылдың 27 сәуірінде Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Оқыту үдерісінде 3D принтер мен робототехниканы бағдарлау тәсілдері» тақырыбында облыстық көшпелі тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты: Информатика пәнін оқытудағы жаңа бағдарламаларды қолдану тәжірибесін тарату және педаготің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Семинар қатысушылары «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары. Курс жетекшісі Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты, кафедра аға оқытушысы Б.З.Асанбай. Семинар барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б.Черниязова мен Е.Т.Тобылбаев мектепте білім беру платформаларын тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
6-9 класс аралығында «Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу. Мазмұн», «Pygame кітапханасы» атты тізбектелген ашық сабақтар топтамасы ұсынылып, «Роботехника бағдарламасы арқылы DaraBala.kz әлеуметтік жобасына қатысу мүмкіндіктері», «3D принтерге модель жасау», «Робототехниканы бағдарлау негіздері: роботтарды жобалау және құрастыру» атты практикалық жұмыстар курс тыңдаушыларымен оқушылардың қатысуымен өткізілді.
Облыстық семинар-практикум барысында мектеп әкімшілік құрамы «Үздік мектептен – үздік тәжірибе» әдістемелік іс-тәжірибесімен бөлісіп, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Асыл мұра» мұражайы, IT кітапхана мүмкіндіктері, «Қонаев ТВ» телестудиясының жұмыс барысымен курс тыңдаушыларын таныстырып, қатысушыларға кең көлемде ақпараттар берілді.
Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігіне, іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз. Болашақта бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.













