Павлодар облысында «Педагог» кәсіби стандартын талқылау жүргізілуде

Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасында екіжүзе жуық педагог қауымы мен болашақ ұстаздарға «Педагог» кәсіби стандартының жобасы жайында ақпарат берілді. Іс-шараны «Өрлеу» білікті арттыру ұлттық орталығының Павлодардағы филиалы ұйымдастырды.

 Елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру бойынша ауқымды іс-шаралардың жүргізіліп жатқаны баршамызға мәлім. Сондай шаралардың қатарында ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы бұйрығына сәйкес әзірленген «Педагог» жаңа кәсіби стандарты болып табылады. Оның көмегімен білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіптік дамудың мазмұны әзірленеді және жаңартылады, педагог кадрларды қызмет бойынша ілгерілету стратегиясы құрылатын болады. Нәтижесінде «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің кәсіби дамуының бірыңғай бағдары болмақ.

Бүгінгі таңда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына облыстың барлық педагогикалық жұртшылығы арасында осы құжат бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сол себепті институт қабырғасында 17 қазаннан бастап ай бойы онлайн вебинарлар, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтері үшін күндізгі ақпараттық сағаттар өткізілуде.

Оның бірі 18 қазан күні Павлодар педагогикалық университетінің базасында өтті. Оған екіжүзге жуық ұстаздар жиналды. Кездесу барысында жиналған қауым ақпаратпен танысып, өз ұсыныстарын жасады. Жалпы, кәсіби стандартты талқылау іс-шарасының ұйымдастырылуы мұғалімдермен жақсы қабылдануда, олар өз мамандығы бойынша  тағылымдамадан өтушіден бастап шеберге дейін жетудің нұсқаулығы, кәсіби өсіп дамудың траекториясы ретінде қабылдауда.

Бүгінде «Өрлеу»-Павлодар оқытушыларымен облысымыздың төртжұзден астам ұстаздарын ақпарттандырылды. Алдағы уақытта да аталмыш іс-шара жалғастырылмақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар