10 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институты «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен бірге Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде «Кітап оқуды трендке айналдыруға бола ма?» тақырыбында облыстық панельдік дискуссия ұйымдастырды.
Шараға «Сенімен болашақ» РҚБ БҚО филиалының директоры Шынаргуль Арыстанова, облысқа танымал психолог Құралай Шамуратова, «Аманат» партиясының БҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушысы Лаззат Есенова, и қатысты. Аталмыш шара педагог-новатор, академик, Халықаралық Ізгілік Педагогикасы Орталығының негізін қалаушы Шалва Александович Аманошвилидің шығармашылық зертханасының негізіндегі классикалық педагогиканың інжу-маржаны саналатын «Ізгілік педагогикасы» кітабын талдау мақсатында өтті.
Басқосуда «Өрлеу» Кәсіби даму институты директорының орынбасары Күміс Байкатова жылдам оқу қабілетін дамыту, жылдам оқу әдісінің басты мақсаты, мәтінді түсініп оқу туралы іс-тәжірибесімен бөліссе, институттың кітапханашысы Индира Бадакова «Қуанышым менің, қайдасың?», «Балаларды қалай сүю керек?», «Күлімсіреу» кейсі жайлы әңгімелеп берді. Қатысушылар әлем педагогі, гуманды педагогиканың негізін қалаушы, академик Шалва Амонашвилидің кітабын ұстаздар қауымына ғана емес жалпы кітапсүйер қауымға арналған туынды екенін бірауыздап мақұлдап, құнды пікірлерлерімен бөлісті.




