«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛЬМАНАХ» ЖУРНАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

«Педагогикалық альманах» журналы – педагогтердің азаматтық ұстанымын айғақтайтын инновациялық идеялардың бір түрі.

Журнал беттерінде педагогика мәселелерін, педагогика теоретиктерінің мұрасын, жинақталған педагогикалық тәжірибені теориялық тұрғыдан түсіну; білім берудің негізгі мәселелерінің шешімдерін іздеу; журнал оқытудың теориялық және практикалық мәселелерін талқылауға мұғалімдердің қатысуын қамтамасыз етеді.
Журнал айдарлары: «Мұғалім – бұл білім беру жүйесінің жаны, жүрегі және тірегі», «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогтердің үздіксіз білімі», «Инновациялық менеджмент», «Әдістемелік бірлестікке көмектесу», «Арнайы түзету және инклюзивті білім беру», «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру», «Техникалық және кәсіптік білім беру», «Lesson study», «PIRLS, PISA халықаралық зерттеулер контекстінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», «Тиімді сабақ: жоспарлаудан іске асыруға дейін», «Мектепте зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру», «ШЖМ-де оқыту технологиялары мен әдістемелері», «Білім берудің көпмәдениетті моделінің стратегиялары», «Педагогикалық қызметтің психологиялық негіздері», «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі қосымша білім беру» және тағы басқалар.

Сондай-ақ журналда білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің материалдары жарияланады. Мәселен, биылғы жылдың бірінші нөмірінде «Техникалық және кәсіптік білім» айдарында «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжі оқытушыларының жұмыстары жарияланды, «Мектепте зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру» айдарында Павлодар қ. №11 мектеп мұғалімдерінің жобалау және зерттеу қызметі ұсынылды.

Басылымның жиілігі – 2 айда 1 рет.

Журналда мақала жазуға арналған жадынаманы келесі сілтеме арқылы жүктей аласыздар:

https://cloud.mail.ru/public/YTRQ/ZKA4foT76

2024 жылдың бірінші номерін келесі сілтеме арқылы көре аласыз:

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛЬМАНАХ_1_2024.pdf

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар