«Педагогикалық альманах» ғылыми-әдістемелік журналының 2023 жылдың 6 нөмері жарық көрді

«Педагогикалық альманах» ғылыми-әдістемелік журналының 2023 жылдың 6 нөмері жарық көрді. Журнал білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау, педагогикалық қоғамның білім берудің өзекті мәселелерін талқылауы үшін коммуникативтік-ақпараттық орта құру мақсатында шығарылады.
Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату; педагогтердің үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеуін курстар аралық қолдаудың нысандары мен әдістерін жариялау – журналдың негізгі мазмұны болып табылады.
2023 жыл барысында «Педагогикалық Альманах» журналының беттерінде 299 мақала жарияланды.
Оқырмандармен кері байланыс келесі нөмірлердің тақырыбын анықтауға, жаңа педагогикалық тәсілдерді енгізу мәселелері бойынша пікірталас алаңын құруға, білім беру ортасын құрудағы және білім беру мақсаттарына қол жеткізудегі педагог рөлінің маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Журналды келесі сілтеме бойынша жүктеп ала аласыздар:
https://orleuedu-my.sharepoint.com/…/EXqchCk…

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар