Педагогикалық білім мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізі ретінде

2022 жылдың 24 тамызында М.Шахановтың 80 – жылдық мерейтойына арналған «Педагогикалық білім мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізі ретінде» атты ХІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры меморандум аясындағы серіктесі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Ақтөбе» облысы институтымен бірлесіп өткізілді.Жаңа оқу жылы қарсаңында Республика деңгейінде ЖОО профессор оқытушылар құрамы, мектеп мұғалімдері, бала бақша қызметкерлері қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша педагогтар бір – бірімен тәжірибе алмасу мақсатында оқытудың жаңа формалары мен әдістерін практикада қолдана білді. Білім мазмұнын интеграциялау жағдайында педагогикалық шеберлік деңгейлері көтерелді деген ойдамыз. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі болып жатқан үлкен өзгерістер еліміздің болашағына, оны жүзеге асыруда талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарға толағай табыстар әкелетініне сенімдіміз! Жауапты да маңызды еңбектеріңізге сәттілік, өздеріңізге зор денсаулық тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар