2024 жылдың 31 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы және Түркістан облысы, Арыс қалалық білім басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен, Арыс қаласындағы №11 Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ мектеп базасында «Педагогикалық дизайн» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: -Оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу;-Педагогтердің кәсіби дамуын арттыруды оңтайландыру; -Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтің кәсіби қызметіндегі-өзгерістерді қорытынды мониторингілеу және талдауды ұйымдастыру;-Педагог қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу. Семинар «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары М.Б.Шойманова, А.С.Танирбергенова және Н.Сапарованың жетекшілігімен өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысының 17 ауданынан мектеп директорлары мен орынбасарлары қамтылды. Семинарға қатысушылар саны 200-ден астам адамды құрады.Іс-шараны №11 Б.Момышұлы атындағы ЖББМ директоры Серікбек Дауренбеков, «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиал директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Ахтаев Мухтар Бексұлтанұлы ашты. Семинар барысында жалпы біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтің алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын практикада табысты қолдануын ұйымдастыру, біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің кәсіби өсу қызметіндегі өзгерістерге рефлексия жасауын оңтайландыруды, пән бойынша оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру жолдарының проблемаларын талдап, сабақ барысында тиімді әдіс тәсілдерді қолдану жолдары талқыланды. Аталмыш семинарға қатысушы мектеп директорлары мен орынбасарлары атап айтсақ, М.Әуезов атындағы ОҚУ Филология ғылымдарының кандидаты Танабаева Гулзира Умиртаевна, П.ғ.к, доцент Жамашева Жанар Рахматуллақызы, магистр, халықаралық деңгейдегі тренер Кансеитова Жұмагүл Жұмабекқызы, Шымкент қаласы, №130 атындағы ЖОББМ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Болганова Айгул Маликовна өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, пән мұғалімдері Тажиметова Г.М, Карантаева А.К, Туржанова Ш.С, Жузжанова С.Ж, Абсадыққызы А, Айдаева Г.С, Әлібек Ғ.С, Абсадыққызы, Рысбаев М.Т, Меңгелбеков А, Жакупова У.Ш, Мадиярова Ж.А, Алтаева Л.К, Калдыбекова У.А коучинг-ашық сабақтар, шебер сынып, тренингтер ұйымдастырды. Практикалық жұмыс барысында семинар қатысушылары тапсырмалар орындап, оқытудағы қиындық аясынан шығу амалдарын талқылауда белсенділік танытты. Семинар жұмысының қорытындысында педагогтер іс-шараның маңыздылығын айта отырып, құнды практикалық мүмкіндіктер алғанын атап өтті.

- 31 Янв
- 2024