Педагогикалық зерттеуден нәтижеге

Ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні облыстың бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Педагогикалық зерттеуден нәтижеге» тақырыбындағы облыстық вебинар ұйымдастырылды. Вебинар аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында олимпиада өтті.🔹Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар