«Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша кездесу өтті

Өрлеу – Астана 29 мамырда №93 мектеп-лицей базасында біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша кездесу өткізді.
Жиын барысында директордың м.а. Есжанова Г.М. байқау өткізудің ережесімен, бейнематериалды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарымен және конкурстың міндеттерін түсіндіріп, конкурсқа қатысу бағыттарымен таныстырды. Педагогтер бейне-сабақ сюжетінің құрылымы мен монтаждау ерекшеліктері, сондай -ақ берілетін материал саны сынды сұрақтар қойып, жауап ала алды.

Бейнематериалдардың дәстүрлі түрлерімен қатар (дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс) бұл жолы
педагогтер цифрлық білім беру ресурсын мен бейнеподкаст жасай алады. Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберуге болады. Конкурсқа жеке немесе авторлық топта қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс). Бұл ретте  конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериалды жібере алады. Конкурс жұмыстары 7 критерий бойынша бағаланады: бейнересурстың өзектілігі, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатар беру сапасы

Құрметті педагогтер, конкурсқа қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар