Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар және бейне-дәрістер Республикалық конкурсы

Құрметті педагогтар!

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ заманға сай үздік елдердің педагогикалық тәжірибелеріне басымдық бере отырып, «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар және бейне-дәрістер Республикалық конкурсын төртінші жыл өткізіп келеді. Конкурс білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемелерін қолдануда педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал етеді. Осы конкурста Ақтөбелік ұстаздар қауымы да лайықты нәтиже көрсетіп, жыл сайын Республикалық кезеңнің жеңімпаздары қатарынан көрініп келеді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «YouTube» білім беру арнасында жыл сайынғы Республикалық конкурс жеңімпаздарының бейне-сабақтар мен бейне-дәрістері орналастырылған. Үздік мұғалімдер мен оқытушылардың бейнесабақтары ғаламтор желісі арқылы баршаға қолжетімді, білім алушы да, жас маман да өзіне қажеттісін қолдануға мүмкіндік береді.

Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы – білім беру ұйымдарының педагогтері үшін озат педагогикалық идеяларын ұсыну мен таратудың үлкен мүмкіндігі.

«Педагогикалық идеялар панорамасы 2022» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер Республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысушыларды тіркеу басталды. Конкурс Ережесі туралы толық ақпарат институт сайтында берілген: https://orleu-edu.kz/aktobe-page/

Республикалық конкурстың өңірлік кезеңіне мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтерін қатысуға шақырамыз!!!

«Ақтөбе-Өрлеу» Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейді!!!

Келіңіз! Қатысыңыз! Жеңіске жетіңіз!

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады: «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының лабораториясы, тел. 87016540750.

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының лабораториясы, тел. 87077337448.

Бейне-сабақтар жайында техникалық сұрақтар болса, келесі телефондар арқылы институттың ІТ мамандарынан қосымша кеңестер ала аласыздар, тел. 87023686320.

Байқау материалдары panorama_pedideya2022@mail.ru электронды поштаға қабылданады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар