Қызылорда қаласындағы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің педагогтеріне «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» республикалық байқауы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бейнесабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы шығармашыл, жаңашыл, ізденімпаз ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін арттыруға керемет мүмкіндік береді.
Мектеп мұғалімдеріне республикалық конкурстың ережелері, мақсат-міндеттері, бағыттары, қатысу тәртібі түсіндіріліп, конкурсқа қатысушы өтінімін толтыру бейненұсқаулығы таныстырылды.



