“Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау кеші өтті!
Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Сарапшылар комиссиясы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық конкурсына жіберілген жұмыстарды ережеге сай зерделеп, сұрыптады. Қатысушылардың ішінен 70 педагог жүлделі орындарға ие болды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты директорының м.а. – Г.М. Есжанова жиналған жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық еңбектеріне табыс тілеп, келешекте бұл конкурс жалғасын табатындығын айтты.
Марапатталушылар, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуда да үлкен серпіліс болғандығын, жалғасын табатындығына қуана білгендіктерін көрсетті.