Бүгін елордамыз Астана қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл беделді байқау 2018 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.
Биыл байқауға бүкіл республика бойынша 5 000-ға жуық педагог қатысты. Оның ішінде 256 педагог республикалық кезеңге өтті. Байқау жұмыстары «ӨРЛЕУ білім беру арнасы» YouTube-арнасына жүктеліп, «Өрлеу» өкілдері мен сыртқы сарапшылардан құралған республикалық сараптамалық кеңестің бағалауынан өтті.
Қостанай облысының педагогтары байқауға алты бағыт бойынша қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
🥇1-орын
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық: Шакирзянова Наиля Ибрагимовна мен Басанова Балсара Балтаевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жітіқара ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері.
🥈2-орын
Цифрлық сауаттылық: Мостовая Владислава Игоревна, ағылшын тілі мұғалімі, Қостанай қаласы білім бөлімінің №23 М.Қозыбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі.
Ерте сауаттылық: Коломеец Наталья Петровна, музыка педагогы, Рудный қаласы білім бөлімінің №10 балабақшасы КМК.
Денсаулық сауаттылығы: Нұрбекова Балнұр Жомартқызы мен Есенова Эльмира Есмағұловна, биология мұғалімдері, Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы КММ.
🥉3-орын
Медиа-ақпараттық сауаттылық: Ефанова Наталья Алексеевна, қосымша білім беру педагогы, «Говорит и показывает “Десяточка”» мектеп студиясының жетекшісі, Рудный қаласы білім бөлімінің №10 гимназиясы КММ.
Оқырмандық сауаттылық: Мельникова Татьяна Валерьевна, бастауыш сынып мұғалімі, Қостанай қаласы білім бөлімінің №23 М.Қозыбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі.
Облыс педагогтарын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз бен кәсібилігіңіз – бүкіл аймақтың мақтанышы.