«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Ақтық сынға жолдама алған барлық өңірлердің шығармашыл ұстаздарын кәсіби деңгейлеріне сай жаңа идеялары мен жоғары нәтижелері үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді. Жамбыл облысынан қатысқан жүлдегерлер арасынан Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Дәурен Естаев пен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» факультетінің оқытушысы Загипа Алтынбекова жүлделі 3 орынмен марапатталды.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!