«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталықтың ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, Өрлеу Басқармасы @orleu.edu.kz, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, еліміздің педагогтері қатысты.
Жалпы мемлекет бойынша ұстаздар байқауға 4500-ден астам бейнесабақтарын жолдады. Соңғы кезеңде қазылар алқасы 22 номинация бойынша 286 жұмысты қарап, үздіктерді анықтады.
📚Республикалық кезеңінің жеңімпаздары қатарында Павлодар өңірінің бес педагогі бар.
🎉Павлодар қ. Б. Момышұлы ат. ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Турсынкулова Жанаргуль Камшетовна @tursynkulova2 – жүлделі ІІ орын
🎉Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Валова Мария Валерьевна @mariavalova003 – жүлделі ІІ орын
🎉М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері, «Қаламгер» студиясының жетекшісі
Аипова Асем Сериковна @asemaipova – жүлделі ІІ орын
🎉Павлодар қ. инновациялық үлгідегі №34 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Никитина Елена Сергеевна @lenta_metodikus – жүлделі ІІІ орын
🎉Павлодар қ. № 17 сараланған оқытудың жалпы орта білім беретін бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Стрикунова Татьяна Викторовна @tati.stv – жүлделі ІІІ орын
Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!