«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының Өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл төртінші мәрте өткізілген «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» Республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. Бүгін «Өрлеу» Шымкент филиалында байқаудың өңірлік кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың өңірлік кезеңіне Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша 400-ден астам өтініш түсті. «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында өңірлік кезеңінде Түркістан облысынан 230-дан астам өтінім қабылданып, оның 9-ы І, 11-і ІІ, 13-і ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Шымкент қаласынан 180 өтінім қабылданып, оның11-і І, 14-і ІІ, 14-і ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Түркістан облысы бойынша 9 жұмыс, Шымкент қаласы бойынша 11 үздік деп танылған жұмыстардың авторлары республикаға жолдама алды.Өңірлік кезеңге қатысып сараптау комиссиясы қарап, өз қорытындысында жүлдегер атанбаған қатысушыларға сертификаттар беріледі. «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының Республикалық кезеңіне қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар