«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауы өңірлік кезеңінің қорытындысы шықты

Биыл конкурсқа өтінім бергендердің саны үш есе өсіп, 16 мыңға жуық педагог өңірлік кезеңге қатысты. Эксперттік комиссия 7 бағыт бойынша ұсынылған жұмыстардың ішінен 816-сын үздік деп таныды. 140-ы 6 қазанда басталатын республикалық кезеңге жолдама алды.

Бұл кезеңде педагогтер өз идеясының оқу процесінде қолданылуын бейнематериалда көрсетуі тиіс. Үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ YouTube арнасында жарияланып, «Ең көп қаралған бейнематериал» аталымы бойынша қосымша марапатталады.

Қатысушылардың сертификаттары жеке кабинеттеріне жүктеліп, сонымен қатар электронды пошталарына жолданады.

Барлық өтініштер онлайн платформа арқылы қабылданып, сол жерде тексерілген. Қазір республика бойынша сертификаттарды генерациялау жұмыстары жүріп жатыр. Сертификаттар 6 қазан, сағат 18:00-ге дейін әр қатысушының жеке поштасына жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар